$471.98 €543.39 ₽5.82
×

16 команда 625 мың АҚШ долларын сарапқа салады

AstanaTV
04.08.2026ж. 19:00
16 команда 625 мың АҚШ долларын сарапқа салады

Виртуалды әлеммен физикалық футболды байланыстырған ерекше спорт түрі басталды. 16 команда 625 мың АҚШ долларын сарапқа салады. Оның ішінде отандастарымыздан құралған екі команда бар. Жаңа ойынның ережесі қандай? Қарапайым футболдан айырмашылығы бар ма? Сержан Айтжан айтсын.

СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:

Фиджитал футбол монитор алдында басталады. Әр командадан 4 ойыншы қатысады. Алғашқы таймда бір жұп келесі таймда 2- жұп қолына джойстик алады. Ал мұндағы есеп жасыл алаңда жалғасады.

Заманауи спортта алғашқы болып Отандық ЮЕЛ командасы Аргентиналықтармен кездесті. Футзал жанкүйеріне жақсы таныс Арнольд Кнауб бастаған жігіттер өкінішке қарай ЭН ЭС теам командасына есе жіберді. Негізгі уақытта тең тарқасып, ойын пенальти сериясында жалғасқан еді. Алайда біздің бестік  5 метр қақпадан саңылау таба алмады.

ТАЛҒАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ, UEL TEAM КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАҚПАШЫСЫ:

Бұйырса ертең Фк 10-пен ойнаймыз. Бұл команда аргентиналықтар сияқты сыгранность деп естігем. Енді зерттейтін боламыз. Бұл команда тоже 1 рет қатысып отыр. Бірінші ойын жеңілгеннен кейін сабақ болды деп ойлаймын енді.

МАКСИМО ЛО КОРЕ, NS TEAM КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Физикалық дайындық жағынан біз турнирдегі ең мықты командалардың біріміз. Сондықтан өз күшімізге сенеміз. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл – болашағы зор жаңа жарыс. Уақыт өте келе әлемге кеңінен танымал болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, фиджитал футболда ауд немесе бұрыштама болмайды. Доп алаң жақтауынан асып кетсе ғана ойын қайта басталады. Ал егер жалпы ойында тең есеп тіркелсе, жеңімпаз пенальтилер сериясында анықталады.

Ал қазақстандық екінші команда Phygital Contenders Astana турнирінің жеңімпазы. Аллюр жігіттерінің сапында, киберспоршылармен бірге, футзал және соккадан Ұлттық құраманың мүшелері бар. Ал кәсіпқой жаттықтырушы Бекет Фарух қос алаңда да фаворит саналатын команданың финалға жету жолы ауыр болады дейді.

БЕКЕТ ФАРУХ, ФУТБОЛДАН КӘСІПҚОЙ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Аллюрдың шамасы өте жақсы. Қарқыны жақсы, дайындығы да жақсы. Бірақ олардың групаалары орысша айтқанда, “группа смерти” болып тұр. Бүгін бразилия командасына қарсы ойнайды. Өте тартысты ойын болады. Ол ойынды ұтатын болса, финалдамыз біз бұйыртса.

Фиджитал футбол 9 тамызға дейін жалғасады. Финалдық және 3 орын матчтары жарыстың соңғы күніне жоспарланған. Әрине 16 команда да жүлдеден үмітті. Бірақ, ойын тағдырын джойстиктегі дәлдік пен алаңдағы шеберлігі шешеді.