Ақтөбеде «Сазды орманшылығы» бау-бақша ұжымында жол мәселесі шешілер емес. 6 көшеде тұратын 150-ге жуық отбасы бірнеше жылдан бері шұрық-тесік жолмен қатынап жүр. Тұрғындардың айтуынша, жаңбыр жауса батпаққа батады, қыста қар басып, кей жерге арнайы техниканың өзі жете алмай қалады.
Бұл- қала іргесіндегі алты көшенің қазіргі көрінісі. Көлікпен жүру мұң, жаяу жүргіншіге одан да қиын. Ал балабақша мен мектепке баласын таситын ата-ана үшін-бұл күн сайынғы сынақ.
ДӘМЕТКЕН ТАЛБЕКОВА, ТҰРҒЫН:
Қыста вообще мына жерді қар басады, ал жазда кілең шоқалақ-шоқалақ. Садикке баруға қиындау.
ЖАНБАЙ ІЗБАСАР, ТҰРҒЫН:
Көшіп келгеніме 8 жыл болды. Содан бері әне-міне-жол саламыз, свет жүргіземіз, газ жүргіземіз, су жүргіземіз жежі. Міне 8 жыл өтті-ешкім жүргізбеді. Светті ана үкіметтің светін біреулер соны қолданып отыр. Біз екі есе қып светті төлеп отырмыз.
ЖҰМАБЕК БАҚТЫБАЕВ, ТҰРҒЫН:
Қаражат болмай қалай, неге конкурс жарияланды? Сол ақша неге, қайда кеткенін білгіміз келеді. Осы жерде 120 үйлер бар. Салынып жатқан үйлер бар.
Ең қызығы - бұл жолды жөндеу жоспары баяғыда жасалып, құжаттары әзірленіп, мердігері де анықталған. «Мерси КЗ» және «Қалау+» компаниялары жауапты. Жобаның жалпы құны 1,7 млрд теңге. Бірақ жұмыс басталмаған. Себебі қаражат жоқ.
ЕСЕТ КЕНЖЕБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ТКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
25 ші жылы аталған жобаға 120 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, инженерлік желілерді көшіру, газ футлярларын орнату жұмыстары жүргізген. Аталған жоба бойынша, мердігер мекеме Мерси кз болып табылады. Ағымдағы жылы қаржыландыру күтілуде. Қаржыландыру болған жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасын табатын болады.
Ал тұрғындар үшін бұл жай ғана жол емес. Бұл-балалардың балабақшаға,мектепке қатынауы, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігінің дер кезінде жетуі. Тұрғындар биыл да шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр боламыз ба деп алаңдайды.