$467.48 €539.52 ₽5.73
×

«Байтақ» партиясы «Қазгидромет» ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

AstanaTV
06.08.2026ж. 19:00
«Байтақ» партиясы «Қазгидромет» ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қазақстан жасылдар партиясы «BAYTAQ» өкілдері «Қазгидромет» ұжымымен ақпараттық-насихаттық кездесу өткізді. Кездесу барысында Алматы қаласының экологиялық ахуалы, атмосфералық ауа сапасын бақылау, қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты мониторингтеу және экологиялық қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдық көлік жүйесін дамыту, көлік кептелістерін азайту және жанармай сапасын қатаң бақылаудың ауа сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. «BAYTAQ» партиясының өкілдері экологиялық мониторингті жетілдіру, тәуелсіз зертханалық бақылауды күшейту және халықтың таза ауаға деген конституциялық құқығын қорғау партияның негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.

АЛМА ҚАРАШ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Қазір әрбір екінші бала аллергия мен астмадан зардап шегеді. Қатерлі ісік пен қант диабеті сияқты дерттер де жасарған. Тіпті Алматының ауасы мен экологиялық жағдайы азаматтардың психологиялық күйіне де кері әсер етуде. Ең қызығы - бұл мәселелердің бәрін бәріміз білеміз. Енді оны жоғары, мемлекеттік деңгейде шешуіміз керек.