$467.48 €539.52 ₽5.73
×

ҚХП өкілдері Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті

ҚХП өкілдері Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті

Қазақстан Халық Партиясының өкілдері Жетісу облысында Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті. Аймақта азаматтық қоғамды дамытуға атсалысып жүрген жүзден аса ұйым жұмыс істейді. Жиын барысында мүгедектігі бар жандар жүзеге асырған жобалар баяндалып, жоспарлары таныстырылды. Мәселен, өңірде ерекше күтімдегі адамдарға тегін инвотакси қызметі ұсынылады, арнайы ақпараттық портал да ашылған. Жеке кәсіп ашам деушілерге қолөнер бұйымдарын жасау жолдары үйретіледі. Ал, егде жастағы жандар үшін белсенді өмір сүру орталығы қарастырылған. Басқосуда саланы дамыту мәселесі талқыланып, Құрылтай депутаттығына кандидаттарға бірқатар ұсыныстар айтылды.

ОЛЖАС БЕКДӘУЛЕТҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Халықпен көптеген кездесу өткізіп жатырмыз. Халықтың белсенділігі жақсы. Олар өздерінің сұрақтарын қояды, көптеген мәселелерді көтереді. Инклюзия жағынан, жастарды қолдау, СКЛ человеческий капитал соған көңіл бөлу. Басқа да әлеуметтік мәселелер бар.