$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Павлодарда қыз зорлаған 2 жігіт 9 жылға сотталды

07.08.2026ж. 19:00
Павлодарда қыз зорлаған 2 жігіт 9 жылға сотталды

Павлодарда қыз зорлаған 2 жігіт 9 жылға сотталды. Оқиға өткен жылы Усолка өзенінің жағалауында болған. Жағалауға серуендеуге келген жігіттер қызбен танысып, артынша бірге ішімдік ішкен. Кейін  жас қызды 2 бірдей жігіт жабылып зорлапты. Сотта екі сотталушы да кінәсін мойындамады. Сот 1 жылға созылды. Ақыры 2 сотталушыны да кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА. ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 2 бөлімі, 1 тармағы және  121 баптың 2 бөлімі 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты сотталушылардың аппелациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі күшіне енді.