Ақтөбеде әйелді 3 жыл бойы аңдып, сталкинг жасаған 42 жастағы ер адам заң алдында жауап береді. Бұрын бірге тұрған әйелмен қарым-қатынасы үзілсе де, оның қыр соңынан қалмаған. Түрлі нөмірлерден қайта-қайта қоңырау шалып, балағат сөздер айтып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткен. Тіпті әйелдің үйінің маңынан кетпей, жұмыс орнына барып, әріптестерінің алдында шу шығарған. Полиция бөлімшесінде ер адам кінәсін мойындады. Алайда оның «махаббатым себеп болды» деген ақталуы жауапкершіліктен құтқарған жоқ.