$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғымбаевтың әкесі ұлымды түрме қызметкерлері соққыға алған деп отыр

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
3015
Тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғымбаевтың әкесі ұлымды түрме қызметкерлері соққыға алған деп отыр

Тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғымбаевтың әкесі ұлымды түрме қызметкерлері соққыға алған деп отыр. Айтуынша, оның әрекетіне осы жағдай себеп болған көрінеді.  Қайыргелді Арғымбаев баласының колониядағы жаза мерзімінің бітуіне аз ғана уақыт қалғанда, күзетшілермен төбелесіп, изоляторға түскенін айтады.

Қайыргелді Арғынбаев, Е.Арғынбаевтың әкесі:

Қаншама еңгезердей жігіттер. Қолдарында бір-бір дубинкалары бар. Тұра қашқан, бұл тұра қуған. Жете алмаған, жүзді көрсеткен оған. Неден секірген, одан кейін анау крышаға шықты. Крышадан неге шығып, үстінен бірақ қарғыған.

Ерасыл Арғымбаев 2012 жылы банкоматты тонағаны үшін 5 жылға сотталған.  Күзетшілермен болған ерегістен соң, ол жазасына тағы 3 жыл мерзім қосылған, -дейді әкесі. Енді қашқаны үшін оған және 3 жыл қосылуы мүмкін. Қайырғалы Арғымбаевтың сөзінше, ол бауыры мен ұлының ауыр сырқатқа шалдыққандықтан, осындай қылмысқа барған. Түрмеден қашқан соң Ерасыл Қарағанды облысыныдағы ауылына аттанған, алайда үйіне жетіп үлгермей қолға түседі.

Қайыргелді Арғынбаев, Е.Арғынбаевтың әкесі:

Баласын сағынады ғой. Бір ұл, бір қызы бар. Киевка жаққа. Сол жаққа бара жатқанда Ахмет ауылында ұсталынады. Ұсталғанда, ешқандай сопротивление жасамады.

Ерасыл Арғымбаев өткен жексенбіде колониядан қашықан болатын. Келесі күні құқық қорғаушылардың қолына түсті. Ал қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері сотталушының әкесі баласына қатысты мәліметтерді жазбаша тапсыруына болады деп отыр. Ал сотталушының түрмеден қашуы бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Тергеу изоляторы қызметкерлері де жазалануы мүмкін.