$469.93 €541.64 ₽5.71
×

ЖСДП кандидаттары инклюзия мәселесін талқылады

AstanaTV
07.08.2026ж. 19:00
ЖСДП кандидаттары инклюзия мәселесін талқылады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қарағандыда аутизмге шалдыққан  балалардың ата-аналарымен кездесті. Басқосуда жүйелі қолдау, инклюзивті білім берудің қолжетімділігін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Ата-аналар білім беру және медициналық қызметтерді алу кезіндегі кедергілерді жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін кешенді көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесіне назар аударылды. Ал Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды орталық штабының отырысын өткізді. Іс-шара барысында партия басшылығы мен кандидаттар үгіт-насихат науқанының аралық нәтижелерін жариялады.

МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ, ЖСДП АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Біздің партиямызда 33 кандидат бар. Барлығы да өз ісінің мамандары. Әр саланы қамтыдық. Сондықтан да біз үлкен, мықты іскер, кәсіпқой азаматтармен бұл сайлауға бара жатырмыз. Қазіргі есептің барысында әртүрлі жобаларымыздың нәтижелерін көріп жатырмыз.