$469.93 €541.64 ₽5.71
×

«Байтақ» партиясының өкілдері Алматы ТЭЦ-2 ұжымымен кездесті

AstanaTV
07.08.2026ж. 19:00
«Байтақ» партиясының өкілдері Алматы ТЭЦ-2 ұжымымен кездесті

«Байтақ» партиясының мүшелері Алматы ТЭЦ-2 қызметкерлерімен жүздесті. Жиынға қатысқан 200-ден астам маманға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, негізгі жұмыс бағыттары баяндалды. Сонымен қатар, қатысушылар көкейдегі сауалдарына жауап алды. Кездесуде қоршаған ортаны қорғау мәселесінен бөлек, қоғамдық көлікті дамыту мен коммуналдық қызметтердің қала экожүйесіндегі орны кеңінен талқыланды.

АЛМА ҚАРАШ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

"Байтақ" партиясы 2022 жылдың соңынан, әсіресе 2023 жылдан бастап белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Алматының өзінде қазір 8 мыңнан астам белсенді мүшеміз бар. Біз бір сәттік нәтиже қумаймыз. Басты миссиямыз байлығымызды келешек ұрпаққа аман-есен аманаттау. Сол себепті ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейміз, ал жұмысты дәл бүгін бастаумыз керек.