$469.93 €541.64 ₽5.71
×

ҚХП медицина қызметкерлерімен кездесті

AstanaTV
07.08.2026ж. 19:00
ҚХП медицина қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан халық партиясының өкілдері Семей қаласында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы талқыланды. Кездесуге 100-ге тарта дәрігер, орта медициналық буын өкілдері, ғалымдар, салалық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Олар ауылдық елді мекендердегі дәрігер тапшылығы, жалақыны көтеру, жас мамандарды даярлау сынды өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының жұмыс сапасын арттыру туралы пікірлерін айтты.

ЛӘЗЗАТ АҚТАЕВА, ҚХП АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:      

Абай облысы жаңа облыс болғандықтан ең өзекті сұрақ инфрақұрылым. Облыс үлкен, сондықтан алғашқы медициналық көмектің  нысандарын көбейту керек. Ауылдарда фелдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың санын көбейту керек, себебі бірінші сол алғашқы медициналық көмек науқастарға, тұрғындарға жақын болу керек.