Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нью-Йорктегі Ботаникалық бақта орхидеялар көрмесі ашылды

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
2911
Нью-Йорктегі Ботаникалық бақта орхидеялар көрмесі ашылды

Нью-Йорктегі Ботаникалық бақта орхидеялар көрмесі ашылды. Мұнда ғажайып гүлдің бірнеше түрі қойылған. Ерекше көрме ақпанның 28-і мен сәуірдің 17-сі аралығында өтеді,- деп хабарлайды Рейтерс.

Әр жылы көрмені ұйымдастырушылар бұл шараны нағыз шоуға айналдырады. Әсем музыка ойнап, айнала көз шағылыстыратын жарықтармен безендірілген. Ең қызығы, мыңдаған орхидея бір мезетте гүл ашады. Көрмеге келушілер экзотикалық өсімдіктің көз тартатын әдемілігіне тамсанып, әрі оларға баға бере алады. Яғни гүлге құмарлар үшін осындай айрықша шара жасалған. Ерекше гүлді ұнататындар әдетте көрмеде күні бойы жүреді. Өйткені түр-түсі де, формасы да әрқилы әсем гүлдерді қысқа уақытта қарап шығу мүмкін емес.