Астанада сайлау байқаушылары
үшін семинар-тренинг жұмыстар бастау алды. Мақсат - жергілікті байқаушыларға
құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық
қоғамдық комиссия өкілдерінің айтуынша, олардың басты міндеті - сайлаудың заңды әрі ашық өтуін қамтамасыз ету.
Депутаттарды сайлау күні Астанада 270 астам сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Олардың әрбіріне міндетті түрде 1 жергілікті байқаушы тіркеледі. Байқаушыға
қойылатын басты талап - кәмелет жасқа толған Қазақстан азаматы болуы шарт. Ал
қызметі үшін 2 айлық есептік көрсеткіші көлемінде жалақы алады. Оларға сайлау
кезінде фото, аудио, видеотүсірілімдер жүргізуге рұқсат етіледі. Протоколмен
танысуға да толық құқығы бар. Тек бір талап бар - ол комиссия жұмысына кедергі
келтірмеу.
Арман Ешмұратов, сайлауды
бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі:
Ол сайлау комиссиясының
жұмыстарына араласпау керек. Себебі оған әкімшілік те, қылмыстық та
жауапкершіліктер қарастырылған. Сол себептен біздер осындай семинарларды
міндетті түрде өткіземіз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА