$466.08 €538.56 ₽5.65
×

Атырауда жаңа оқу жылы қарсаңында көмектен қағылған көпбалалы аналар шу шығарды

Атырауда жаңа оқу жылы қарсаңында көмектен қағылған көпбалалы аналар шу шығарды

Атырауда  көпбалалы аналар облыстық әкімдікке жиналды. Айтуларынша,  жаңа оқу жылы қарсаңында жыл сайын берілетін көмектен қағылған. Енді баламызға мектеп формасы мен сабақ құралдарын алуға ақша жоқ,- дейді жиналғандар. Олар өткен аптада да қайта-қайта көмек сұрап келген көрінеді. Әдеттегідей тамыз айы басталысымен құжаттарын жиып теріп,  ұл-қызы білім алатын мектепке барғанын айтады. Бірақ  мектептегі мамандар құжатқа мойын бұрмастан, баланың  жеке сәйкестендіру  нөмірін арнайы базаға енгізу арқылы бірден жауабын берген. Көпшілігіне   балаңыз көмек алуға жатпайды деген жауап келіпті.  

ГҮЛЗИРА ЕЛЕУҒАЛИЕВА, АТА-АНА:

Құжат барып тапсырдым. 4 балам оқиды. Біреуі Оралда, үшеуі осында. Құжат барып тапсырғанда маған бір минутқа жеткізбей отказ келді. Не себепті дегенде “біз білмейміз” дейді. НОВД деген бағдарлама. Бүкіл құжатты жинап әкел деді бізге тамыз басында дегесін апардық. Бірақ құжаттың ешбірі қолданған жоқ.аналар барлығына тиесілі нәрсені үкімет берсе екен деймін.

САНДУҒАШ КӨКЕНОВА, “АНАЛАРҒА КӨМЕК ҚОЛДАУ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазіргі таңда 90 пайыз мұқтаж болса да,  отбасы  120 мың табыс тауып отырған отбасы, 11 балам бар, 200 мың табыспен де отказ келіп тұр дейді. Бұл не масқара. Балаларымыздың білім алуына жылда  мемлекеттен берілетін  көмекті берсін деп талап етіп тұр аналар.

Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, бұған дейін Жалпыға міндетті оқу қоры арқылы 5 санат бойынша көмек қаржы беріліп келген. Биылдан бастап қос министрліктің  дерекқор базасы бірігіп,  бұрынғыдай қағаз құжат жинау тоқтатылыпты. Енді  жауап базада жинақталған деректер бойынша автоматты түрде беріледі.   Былтыр 2-ші санат бойынша14 мың адам алса, биыл оның 7 мыңы өтпей қалған.

МАРАТ ӘБУОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде ата-ананың жеке деректері болуына байланысты біз қызметкерлерге ашып қаратып, айтуға доступ сұрай алмаймыз. Сол себепті Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұсыныс жасаған болатынбыз. Егер ата-анаға “жатпайсың” деген отказ келсе, онда ата-ананың өзіне хабарлама ретінде келсе, қандай мақсатта сізге тимей тұр деген осы ұсынысымызды жасадық. Енді бұл қаралатын болады.