$448.98 €502.45 ₽5.45

"Әділет" партиясының Әйелдер қанаты Президент жолдауын талқылады

AstanaTV
10.11.2026ж. 19:00
"Әділет" партиясының Әйелдер қанаты Президент жолдауын талқылады

Елде білім сапасын жақсарту мен цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту - өзекті мәселелердің бірі. Аталған түйткілдер «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының диалог алаңында кеңінен талқыланды.  Жиынға Құрылтай депутаттары, педагогтер мен сала сарапшылары қатысып, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын саралады. Сондай-ақ, білім беру бағытында жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, инклюзивті оқытуды дамыту және жастарды еңбек нарығының талаптарына сай даярлау жайы сөз болды. Қатысушылар цифрландырудың басты мақсаты тек технологиялық көрсеткіштерді арттыру емес, азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу екенін атап өтті. 

АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа технологиялар әйелдерге де тек кәсіби дамыту ғана емес, жаңа мамандықтарды да меңгеруге, ғылыммен айналысуға, өз жобаларын жүзеге асыруға да мүмкіндік береді. Біздің қыздардың арасында болашақ инженерлер де бар, бағдарламашылар да, ғалымдар да бар. Олардың қабілетін әрі қарай дамытуға, әсіресе ауылдағы қыздардың сапалы білім, жаңа технологияларға қол жеткізуіне жағдай жасауымыз қажет.