Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Тобыл өңірінде "Балалық шағымның бауырсағы" қойылымы сахналанды

AstanaTV
01.03.2018ж. 20:00
5753
Тобыл өңірінде "Балалық шағымның бауырсағы" қойылымы сахналанды

«Балалық шағымның бауырсағы». Қостанайда осындай атаумен ерекше қойылым сахналанды. Театрландырылған көрініс желісі Қазақстанға жер аударылғандар мен оларды бауырына тартқан қазақ халқы жайында. Бұл шара «Алғыс айту күніне» орайластырылған. Қалалық мәдениет үйінде өткен сахналық қойылымды Заңғар Санай да тамашалап қайтты.

Ерекше қойылым Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Зинаида Чумакованың повесі желісінде сахналанды. Онда 1946-60 жылдар аралығында Қазақстанға жер аударылған ұлттар мен ұлыстардың тағдыры баяндалады. Автор туынды арқылы қиын кездегі қазақ халқының ыстық ықыласына  алғысын жеткізеді.

Дос Құбаш, режиссер:

Бауырсағын беріп, маңдайынан сипап, қатты көмегін көрсеткендігін баяндайды. Ол кісінің басынан өткен оқиғалары, жазғаны - дәл бүгінгі біздің тақырыпқа сай келіп тұрған дүние. Сондықтан соны арқауға алып, негізге алып, қойылым қойдық.

«Балалық шағымның бауырсағы» шығармасының авторы қойылымның тұсаукесеріне келе алмады. 67 жастағы жазушы Жезқазғанда тұрады. Дәл оның тағдырына ұқсас жағдай қойлымды тамашалауға келген Залина Цычоеваның аталарының басынан өткен. Оның нағашы жұрты 1941 жылы Қостанайға қоныс аударады. Сол тұста қазақ әулеті қамқорлық көрсетіп, бір шаңырақтың астында өмір сүрген дейді. Бүгін ол кезінде нағашыларына қамқор болған Нұржановтардың ұрпақтарымен кездесті.

Залина Цычоева:

Көп балалы отбасы менің нағашы атамның бес баласына қарайласып, қолындағы барымен бөліскен. Әжеміз үнемі осы кісілерге алғыс жаудырып отырады.

Қойылымды сахналауға қазақ және орыс драма театрларының әртістері қатысты. Сондай-ақ этномәдени бірлестік өкілдері атсалысқан. Ерекше туынды көрерменге жылы әсер қалдырды.