$465.19 €536.55 ₽5.61
×

Орал қаласының тұрғындары үйсіз қалды

12.08.2026ж. 19:00
Орал қаласының тұрғындары үйсіз қалды

Орал қаласының бір топ тұрғыны реновация бағдарламасымен жаңа баспана аламыз деп далада қалды. Олардың бұл уәдені күткеніне бес жылдан асыпты. Амалы таусылған азаматтардың дені - зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар өздеріне салынып жатқан үйдің сапасына көңілі толмайды. Әрі тиесілі пәтердің төменгі қабаттан берілмейтінін де енді білген. Ал жоғары қабатқа баспалдақпен көтерілу оларға оңай емес. Әрі бес жылға созылған құрылыс кезінде тұрғындар өздері пәтер жалдап, қыруар шығынға батқан.

РАЯ МОЛДАШЕВА, ТҰРҒЫН:

Салған линолеумдарының сапасы деген қазір енді дамыған заман ғой. Ондай линолеумді қазір халық деген сарайына да салмайды. Мына үйді салардың алдында жақсы условия деді, панорамалық терезе болады, мына жер сендердікі, сендер деген қалаған этажыңыздан береміз деді. Біздер надандықтан және ана кісіге сенгендіктің кесірінен, біздер договорға енгізбегенбіз.

САМАЛ ҚАБУЛОВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Уақыттың созылып кетуі осы жерде гараждар болды. Солармен соттастық, уақыт созылып кетті. Ұзаққа созылып кетті. Сосын деген қазіргі уакытта соның графигінен шығып кеттік. Бүгінгі жағдайда 90 пайыз үй дайын. Осы тамыздың отыздарына таман осы үйдің 12 тұрғыны және төмендегі 1 қабаттағы 4 коммерциялық мекеме өзінікін келісімшарт бойынша алады.

Ал құрылыс компаниясының өкілдері тұрғындардың бүкіл талабын орындап, тамыз айының соңында үйдің кілтін қолына ұстатамыз деп уәде етті. Бірақ олар мұндай сөзді талай естіп, тіпті соттасуға мәжбүр болғанын айтады. Дегенмен күтуден басқа шарасы қалмаған. Бүгінде Оралда апатты күйдегі 34 үйдің орнына 20 нысан бой көтеріпті. Қазір тағы 6 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр.