Елде саяси партия құру тәртібі жеңілдеген. Ол үшін бастамашыл топта кемінде 700 адам, ал партияның жалпы құрамында 5 мың мүше болуы тиіс. Партияға тек 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары ғана кіре алады. Ал шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға және ұжымдық мүшелікке қатаң тыйым салынған. Бұдан бөлек, Құрылтай съезін өткізу мерзімі 3 айға дейін, ал филиалдарды ашу уақыты 1 жылға дейін ұзартылған. Мұндай қадамдар елдегі саяси бәсекелестікті арттырып, жаңа бастамашыл топтардың саяси алаңға шығуына кең жол ашады.
ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
Құрылтай саяси партиялардың тізімінен құрылады. Сондықтан да енді әрбір өзін қоғамда белсенді санайтын, өзінің саяси-құқықтық тәжірибесі бар адамдар партияларды таңдай бастайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік жауапкершілік мемлекет басшысының мойнында емес, болашақта саяси күштердің, саяси партиялардың мойнында болады.Сондықтан әр азамат саяси партияның мүшесі болуы арқылы депутаттыққа үміткер бола алады.