Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партия арасында бүгін үшінші Ұлттық теледебат өтеді. Бұл жолғысы командалық сайыс болмақ. Соңғы ақпараттарды дәл қазір әріптесім Аяулым Изатқызы баяндауға дайын тұр. Аяулым, қайырлы кеш! Бұл жолғы дебаттың форматы да, тақырыбы да бөлек деп жатырмыз, спикерлер қай мәселе бойынша сөз таластырады?
АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қайырлы кеш, Ақбота! Иә, біз қазір теледебат өтетін басты түсірілім алаңындамыз. Мұнда соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі пікірталас бұрынғыдан өзгерек. Өйткені алғаш рет командалық форматта өтеді. 7 саяси партиядан 2 өкілден қатысады, яғни алаңда бір мезетте 14 қатысушы жүздеседі. Дискуссияның басты тақырыбы - «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Әділетті қоғамның негізі - заң үстемдігі» мәселесі. Сөз сөйлеу кезегі кеше ашық жеребе тарту барысында анықталды. Партия өкілдері алдымен заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша өз бағдарламаларын таныстырып, өзара пікір таластырады. Артынша студиядағы көрермен мен сарапшылардың сұрақтарына жауап береді. Соңында сайлаушыларға үндеу жасайды.
Дәл қазір менің жанымда PR маманы Ақсұлу Арзықұлова тұр.
Қайырлы кеш! Бүгінгі командалық формат пен «Заң мен тәртіп» тақырыбы партиялардың шынайы әлеуетін ашуға қаншалықты ықпал етеді?
АҚСҰЛУ АРЗЫҚҰЛОВА, PR МАМАНЫ:
Біз ең алдымен бүгінгі тақырыпқа мән беруіміз керек. Өйткені, біздегі партиялар қайда бара жатыр? Құрылтайға, яғни ҚР заң шығарушы орган болып табылатын Құрылтайға бара жатыр. Сондықтан да, заң мен тәртіп аясында, әр партия өзінің патенциалын көрсете алады деуге болады. Бұл бір, екінші дүние – бұлардың командалық форматы. Яғни, партиялардың ішінде ауызбіршілікті, партиялардың ішіндегі бір идеяның, бір құндылықтың арасындағы олардың бірігуін тағы бр жағынан көрсететін жақсы формат болайын деп тұр.
АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Пікіріңізге рақмет! Айта кетейік, тікелей эфирде теледебатты тамашалап отырған әрбір көрермен белсенді қатыса алады. Яғни тақырыпқа қатысты сауалдарын жолдауға мүмкіндік қарастырылған. Ақбота, мендегі ақпарат әзірге осы. Сөз кезегі өзіңізде.