Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Ақтөбеде «20 белес» үгіт насихат флешмобын өткізді. Партияның белсенді мүшелері тұрғындарды алдағы саяси науқанға қатысуға үндеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат парақшаларын таратты. Бұған дейін олар коммуналдық сала, киберқылмыспен күрес, инклюзивті орта қалыптастыру мәселелері бойынша бірнеше кездесу ұйымдастырған. Одан бөлек, Семейде қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Партия өкілдері Абай өңірі жұртшылығының ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
РҮСТЕМ САРМАНОВ, ЖСДП АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Артымызда қаламыздың үлкен картасы тұр. Онда тұрғындар өздері үшін маңызды мәселелер бар жерлерді белгілей алады. Мысалы, жолдардың жағдайы, балалар алаңдары, әлеуметтік нысандар немесе экология мәселелері. Қазір тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдаймыз. Кейін, оларды саралап, шешуді қажет ететін негізгі мәселелерді анықтаймыз.