Шымкентте «Ауыл» партиясы «Таза ауыл» экологиялық акциясын өткізді. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған шараға 150-ге жуық студент пен партия белсенділері атсалысты. Жастар қала іргесіндегі Бөржар бұлағының көзін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазартты. Су көзінің маңын ретке келтіріп, аумақты абаттандырды. Ал тұрғындар эко акцияның қоршаған ортаны қорғаумен қатар, жұртшылықты ортақ іске ұйыстыра түскенін атап өтті.
ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Үлкен іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қазір 150 студент бар, жастар бар. Бұлақтың көзін ашып, тап-таза қылып жатырмыз. Біз жаңа бағдарлама бастадық «Таза ауыл» деген. Біз қалада да жұмыс істейміз, негізі біз Ауыл партиясы болған соң ауылдамыз. Ауылды тазалап таза ауыл деген бағдарлама құрдық.