«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Павлодардағы азық-түлік өнімдерін өндіретін компанияның еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорында 600-ге жуық адам еңбек етеді. Партия төрағасы Дания Еспаева сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын таныстырды. Жиналғандармен отандық өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру, еңбек адамдарының мүддесін қорғауға және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жайы талқыланды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жұмысшылар толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Парияның штаб өкілдері кездесу аяқталған соң пойызбен Семейге жолға шықты. Ертең үгіт-насихат Абайдың елінде жалғасады.
БЕРІК ДҮЙСЕНБИНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Күнделікті бағаның өсуі мен жалақының осы бағаға жете алмауы. Бүгін халықты толғандырып отырған осы. Оның үстіне мына кәсіпкерлерді толғандырып отырған салықтың орынсыз көтерілуі. Осындай өзгерістер, кәсіпорындардың тағдырына әсер етер өзгерістер бізбен ақылдасып шешілсе дейді.