$465.08 €536.52 ₽5.56
×

ҚХП «Әлеуметтік Қазақстан» форумын өткізді

ҚХП «Әлеуметтік Қазақстан» форумын өткізді

Астанада Қазақстан Халық партиясы «Әлеуметтік Қазақстан» атты бірінші форум-конгресс өткізді. Шара аясында әлеуметтік әділеттілік, лайықты еңбек, экономиканы және жаңа технологияларды дамыту тақырыптары талқыланды.  Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мәселелері де сөз болды. Іс-шараға түрлі салаланың өкілдері мен сарапшылар қатысып, өз көзқарастарын ортаға салды. Әлеуметтік мемлекеттің тиімді моделін қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған ұсыныстар да айтылды.

ИСЛАМ СҰҢҚАР, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Біз әртүрлі өңірлерге шығып жатырмыз. Зейнеткерлермен кездесіп жатырмыз, студенттер. Жұмысшы азаматтар басқада адамдармен кездескенде бірінші көтерілетін ол әлеуметтік мәселелер. Жалақы мөлшері, қауіпсіз еңбек жағдайлары, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ұсыныстарымыз бар.