$465.08 €536.52 ₽5.56
×

«Байтақ» партиясы экологиялық қауіпсіздікті күшейтуді ұсынды

«Байтақ» партиясы экологиялық қауіпсіздікті күшейтуді ұсынды

Экологиялық қауіпсіздік, қалдықтарды дұрыс басқару және жасыл бизнесті қолдау. «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Эколайф Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ұжым өкілдері қауіпті және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, экологиялық бағыттағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету және сала мамандарының еңбек қауіпсіздігін арттыру жөнінде ұсыныстарын айтты.

АЛТАЙ ОРДАБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

«Эколайф Астана» компаниясы медициналық және басқа да қалдықтарды жою, залалсыздандыру бағытында жұмыс істейді. Кездесу барысында экология, қалдықтарды басқару мәселелері бойынша ашық пікір алмасып, ұжымның ұсыныстары мен ой-пікірлерін тыңдадық.