$465.08 €536.52 ₽5.56
×

«Ақ жол» партиясынан депутаттыққа кандидаттар еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлермен кездесті

«Ақ жол» партиясынан депутаттыққа кандидаттар еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлермен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты. Депутаттыққа кандидаттар Семейде бірқатар кездесу өткізді. Алдымен «Семей цемент» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымына саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ал өңір кәсіпкерлері және белсенді жастармен өткен бас қосуда жаңа кәсіп ашу, өндірісті дамыту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жайы талқыланды.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қасиетті Абай еліне келіп өндірушілермен, кәсіпкерлермен кездесіп отырмыз. Бірінші кездесу мына «Семей цемент» ұжымымен кездесу болды. Көптеген мәселелерді талқыладық. Соңғы Парламенттегі қабылданған заңдарды түсіндірдік. Айтылған ұсынысытарды да жазып алдық.