Шымкентте «Ауыл» партиясының өкілдері елдегі ең ірі жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен кездесті. Жиында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және отандық өндірісті күшейту мәселелері сөз болды. Партия өкілдері жыл бойы өнім өндіруді қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды енгізу және шаруаларды қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Бұл ішкі нарықты отандық өніммен қамтып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді дейді. Басқосуда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелері көтерілді.
ТАЛҒАТ АЙТБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Қалыптасып жатқан мекеме болған соң өздеріне жараса проблемалары бар екен. Оны тікелей жасырмастан айтты. Қала маштабында да көтеріліп, шешу мәселесі қарастырылып жатқан проблема. Ең басты нәрсесі энергия көзі. Сол себептен барлығын қабылдадық мәселелердің барлығын.