$464.02 €536.18 ₽5.54
×

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы сайлауға қатысуға ниетті

AstanaTV
14.08.2026ж. 19:00
Қазақстандықтардың 70%-дан астамы сайлауға қатысуға ниетті

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты сараптамалық платформада айтылды. Сарапшылар стратегиялық мақсаттардың ортақтығы саяси бәсекелестікті жоққа шығармайтынын атап өтті. Саналы электоралдық таңдау жасау үшін партиялардың басымдықтарындағы, ұсыныстарды іске асыру тетіктеріндегі, мерзімдеріндегі, қажетті ресурстар мен мәлімделген нәтижелерге қол жеткізуге жауапкершілік мәселелеріндегі айырмашылықтарды қаншалықты нақты көрсете алатыны шешуші мәнге ие.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Қаншалықты саяси партиялармен таныс, бағдарламалармен қаншалықты таныс. Қазіргі таңда сайлаушылар өздері іздеп келмейді ақпаратты, сайлаушыға жеткізу керек. Міне осы тұрғыдан қандай тиімді жұмыстар жүргізіліп жатыр осы нәрселерді қарастырдық. +өңірлер өздерінің сұрақтарын қалай шеше алады, қалай байланыса алады деген сол саяси партиялар қаншалықты жергілікті жерде өздерінің жұмыстарын халықпен ұйымдастыра біледі, қаншалықты солардың сұрақтарына жауап береді, осы да тиімді фактор болады.