$464.02 €536.18 ₽5.54
×

«Әділет» партиясы: автокөлік өндірісінің өсуі халықтың әл-ауқатына қызмет етуі керек

AstanaTV
14.08.2026ж. 19:00
«Әділет» партиясы: автокөлік өндірісінің өсуі халықтың әл-ауқатына қызмет етуі керек

Отандық өндірістің дамуы халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға және кәсіби өсуге мүмкіндік беруге тікелей ықпал етуі керек. Бұл туралы «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Алматыдағы «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ұжымымен кездесуде айтты. Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен ашық пікір алмасуға кәсіпорыннан дәнекерлеушілер, инженерлер, шеберлер мен басқа да 200-ден астам маман қатысты. Кездесуде отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды. Автоөндірістің өсуі тек көлік санын көбейтумен шектелмей, қазақстандық кәсіпорындардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керектігі, сондай-ақ өндірісте жергілікті құрамды арттырып, отандық кәсіпорындардың кооперациясын күшейту қажеттігі сөз болды. Ал еліміздің барлық өңірінен 800ден астам кәсіпкер жиналған форумда бизнесті дамытуға кедергі келтіретін мәселелер ашық талқыланып, кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалды. Сондай-ақ жекеменшік мүлікті қорғау, шикізатты терең өңдеу, бизнеске тұрақты әрі түсінікті жағдай жасау және өсім әлеуеті бар кәсіпорындарға нақты қолдау көрсету сөз болды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жаңа Конституция экономика үшін бағдарды айқындап берді. Ол жеке меншікке қол сұқпау, заң үстемдігі және баршаға ортақ тең ережелер.Кәсіпкерлер үшін бұл қағидаттар тек заң жүзінде ғана емес, сонымен қатар әрбір мемлекеттік органның шешімінде нақты жүзеге асуы тиіс. Сіздердің әрбір қабылдаған шешімдеріңіздің артында үлкен жауапкершілік тұр. Бірінші кезекте өз ұжымыңыз үшін жауапкершілік. Қарапайым адамдардың табысы, әлеуметтік төлемдері. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз бүкіл еліміздің дамуының алға шарты болып отыр.