Биыл 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада маңызды халықаралық спорттық оқиға – күрес түрлерінен Әлем чемпионатын өткізу жоспарланған. Жарысқа жүзден астам елден мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады. Оның айтуынша, Әлем чемпионаты «Барыс Аренада» өтеді.
«Балуандар 30 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде, грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады»,- деді спикер баспасөз конференциясында.