Қазақстанда егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр. 15 тамыздан бері 2,6 миллион гектар алқаптан астық жиналды. Былтыр бұл көрсеткіш 1,3 миллион гектар болған. Орташа өнімділік – гектарына 14,6 центнер. Жоғары қарқынға алдын ала қаржыландыру, техника жаңарту, тыңайтқыш пен сапалы тұқым қолдану және заманауи агротехнологиялар әсер етті. Биыл аграрлық салаға мемлекеттік қолдау күшейтіліп, жеңілдікті лизингке 350 миллиард теңге бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аграрлық салада басты басымдық егіс көлемін ұлғайтуға емес, әр гектардан алынатын өнімді арттыруға бағытталып отыр. Биылғы егін жинау қарқыны осы тәсілдің нәтижелі екенін көрсетеді.
АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
Техникалық алдық биыл. Егістікке көлік алдық бидай таситын. Ауыр жүкті алдық. Соның арқасында біз уақытында жанармай алдық, уақытында тұқым деген сияқты жаңа-жаңа сапалы тұқымдар алып, тыңайтқыш, уақытында себіп, соның да әсері бар бір жағынан. Көктемде егістікке сапалы себуге көмектесті. Ол жақсы осы шара ары қараай көмек бола берсе шаруашылыө дамиды деп ойлаймын.