$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды

19.08.2026ж. 06:29
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS турының алғашқы тарауының концепциясын таныстырды.

Турдың алғашқы тарауы «Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы» деп аталады. Жоба әншінің ішкі әлеміне, өзін-өзі тануына және тұлғасының түрлі қырларын қабылдауына арналған. Концепцияның негізгі түсі - қою қызыл. Композицияның ортасында Димаштың бейнесі орналасып, оны әншінің әр кезеңі мен болмысын бейнелейтін бірнеше образ қоршап тұр.

Шеңбер түріндегі композиция адамның ішкі әлеміне бағытталған тұйық визуалды циклді білдіреді. Яғни, DIMENSIONS — уақыт пен кеңістікті аралау емес, адамның өз болмысымен бетпе-бет келіп, өзін толық қабылдауына арналған ішкі саяхат.