$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Қазыбек Қалмағамбетов алтыннан алқа тағынды

Қазыбек Қалмағамбетов алтыннан алқа тағынды
ҰОК

Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Осылайша ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.