Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Анашымның ақ жүзі» деген атаумен Алматыда балалардың сурет көрмесі өтті

AstanaTV
05.03.2018ж. 20:00
7084
«Анашымның ақ жүзі» деген атаумен Алматыда балалардың сурет көрмесі өтті

Алматыда бастауыш сынып оқушыларының суреттері қойылған көрме өтті. Олар өз аналарын ақ парақтың бетінде бейнелепті. Тақырып ортақ: «Анашымның ақ жүзі» деп аталады. Балалар өздерінің анаға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетуге тырысқан. Көрменің мектеп қабырғасына ілінуіне «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы мүшелері түрткі болған. 50-ден аса оқушының қолынан шыққан суреттерден ананың балаға деген махаббатын байқау қиын емес. Ұстаздардың айтуынша, мақсат - халықаралық әйелдер күні мерекесінің маңыздылығын сезіндіріп, анаға деген құрметті арттыру. 

Исмят Ибрагимова, Алматы қаласы №52 орта мектебінің ұстазы:

Оқушылар үзіліс кезінде өздері салған суреттерге қарап, аналарына деген махаббатын арттыра түседі. Шын мәнінде, ана деген ардақты есім емес пе. Ал, бұл суреттер сол балалардың ыстық ықыласын айшықтап тұр. Суреттер көрмесі жарыс емес. Жеңімпаз да болмайды. Өйткені әр бала анасын өзінше елестетеді, жақсы көреді.