$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

AstanaTV
20.08.2026ж. 19:00
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық ұйымның өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда сайлауға дайындықтың негізгі кезеңдері талқыланды. Атап айтқанда, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелерінің жұмысы, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықаралық байқаушылардың қызметін ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.

ОСМАН МЕСТЕН, ТҮРКПА МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл сайлауда жасанды интеллект пен басқа да технологиялық құралдардың барынша жоғары деңгейде қолданылып отырғанына куә болдық. Біз де Қазақстанның тәжірибесінен үлгі алғымыз келеді. Жалпы ТҮРКПА делегациясы ретінде осындай тарихи сайлауға бақылаушы болу – үлкен мәртебе әрі қуаныш. Түркі әлемі үшін түркі мемлекеттеріндегі барлық оң өзгерістер бізді қуантады. Орталық Азия елдеріндегі  кез келген жетістік – бүкіл түркі әлемінің жетістігі.

Саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелді. Оның ішінде 617 байқаушы 13 халықаралық ұйымның атынан келген. Сонымен қатар шетелдік сарапшылар Қазақстандағы сайлау кезінде заманауи технологиялардың қолданылуына ерекше қызығушылық танытты.

НУРУ ГУЛИЕВ, ТМҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түркі мемлекеттері ұйымы бұл сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысады. Біздің тараптан 10 байқаушы жұмыс істейді. Олар әртүрлі сайлау учаскелерінде бақылау жүргізеді. Сайлау аяқталғаннан кейін өз қорытындымызды жариялаймыз. Қазіргі көріп отырғанымыз бен азаматтардың көңіл-күйіне қарап, сайлау жоғары деңгейде және халықтың белсенді қатысуымен өтеді деп ойлаймыз.