$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Қазақстанға әкелінген жолбарыс қасқыр мен қабан аулады

Қазақстанға әкелінген жолбарыс қасқыр мен қабан аулады
Фото: экология министрлігі

Қазақстанға жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілген Амур жолбарысы Үміт жаңа мекеніне тез бейімделіп жатыр. Алғашқы 10 күннің өзінде жыртқыш қасқыр мен жабайы қабан аулап, өздігінен қорек таба алатынын көрсетті.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Мамандар Үміттің қозғалысын GPS-қарғыбау арқылы тұрақты бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар жолбарыс жүрген аумақтарға далалық тексеру жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесінде Үміттің қасқыр аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенгені анықталған. Кейін ол жабайы қабанды да ұстаған.

Айта кетейік, Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет Амур жолбарысы табиғи мекеніне жіберілді. Үміттің алғашқы күндердегі әрекеті оның жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өздігінен тіршілік ете бастағанын көрсетеді.

Қазір мамандар жолбарыстың қозғалысын күн сайын бақылап, оның табиғи ортаға бейімделу барысын зерттеп жатыр.