$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Астанада фишингтік SMS таратқан шетелдік ұсталды

Астанада фишингтік SMS таратқан шетелдік ұсталды

Астанада фишингтік SMS-хабарлама таратқан халықаралық қылмыстық топ құрықталды. Оңтүстік-Шығыс Азия елінің азаматы жергілікті тұрғындарды тартып, заңсыз схема ұйымдастырған. Күдіктілер «SMS-бластер» құрылғысы арқылы байланыс операторларының сүзгілерін айналып өтіп, тұрғындарға бонустар ұсынылған жалған сілтемелер жіберген. Азаматтар алаяқтық сайтқа карта деректері мен құпия кодтарды енгізген сәтте, олардың банк шоттарындағы қаражаты қолды болған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.