Құрылтай сайлауынан кейін саяси партиялар арасында депутаттық мандаттар бөлінді. 5 партия Құрылтайға өтті, ал екі партия міндетті межеден аса алмады. 145 депутаттың 110- ы «Әділет», ал 10- ы Ауыл партиясынан сайланады. Жаңа саяси жүйеден Республикалықтар 9 мандат алса, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен «Ақ жол» партиялары 8 мандаттан еншіледі.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Депутаттық мандаттар бөлінген кезде 3 санат өкілдерінің нақты айтқанда әйелдердің, жастардың мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.