Елордада сарапшылар сайлау нәтижелерін талқылады. Орталық сайлау комиссиясының ресми деректері мен әлеуметтанулық сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, партиялардың үгіт-насихат кезеңіндегі белсенділігіне жан-жақты баға берілді. Сондай-ақ жаңа шақырылымдағы Құрылтай құрамының сапасы, депутаттық корпустағы сабақтастық пен жаңару үлесі де айрықша назарға алынды. Сарапшылар азаматтардың саяси таңдауындағы өзгерістерді негізге ала отырып, бұл сайлау қорытындылары партиялардың алдағы стратегиясы мен заң шығарушы органның жұмысына қалай ықпал ететінін бағамдады.
АҚНҰР ТҰРДАЛИЕВА, "ЖАС ҰЛАН" БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ" РҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Құрылтайда жаңа адамдарды көреміз, жаңа бір мамандарды көреміз, эксперттерді көреміз. Сонымен қатар жалпы саясатқа жастардың қызығушылығы артуына негіз бола алады бұл нәтижелер. Және де енді бұл біздің еліміздің дамуының жаңа қадамы деп те айтуға болады.