$458.48 €534.68 ₽5.43
×

«Әділет» партиясының өкілдері агитациялық материалдарды жинауға арналған ауқымды акцияны жалғастыруда

«Әділет» партиясының өкілдері агитациялық материалдарды жинауға арналған ауқымды акцияны жалғастыруда

"Әділет" партиясының өкілдері   ақпараттық материалдарды жинауға арналған ауқымды акцияны жалғастыруда. Құрылтай сайлауына дайындық науқанында да белсенді жастар үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп, бүкіл елде бірнеше миллион плакат жапсырған. Енді барлық қалалар мен аудан, ауылдарда осы парақшаларды жинап алып жатыр. Плакаттар қайта өңдеуге тапсырылады. Экологияға зиян келмейді.

АРАФАТ МӘЖІТОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бір ай бойы жапсырылған үгіт- насихат материалдары жиналып қалалар , аудандар тазартылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты біздің қала тұрғындарына “Таза Қазақстан” тазалықтың идеясын насихаттау.

Қызылордалық  жастар да  үгіт-насихат жұмыстары кезінде ілінген  плакаттарды алып жатыр. Облыс бойынша «Жастар рухы» жастар қанаты 8 мыңға жуық ақпараттық материал жапсырған. Жастар тазалық мәдениетін қалыптастыру және замандастарына үлгі көрсету мақсатында оларды толық жинап шықты.

АБЗАЛ ЖОЛТЕРЕК, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

«Таза Қазақстан» акциясы аясында осы Қызылорда облысының белсенді жастары жоғары деңгейде атсалысты деп айта аламыз. Мұндай жұмыстар облысқа қарасты барлық аудандарда және ауылдық округтерде жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.