Алматыда электросамокаттарға талап күшейді. Бүгіннен бастап тротуармен жүруге тыйым салынады. Тек веложолақпен жүреді. Сонымен қатар бұл көлікпен жүк немесе жолаушы тасымалдауға болмайды. Ал жаяу жүргіншілер жолағына келгенде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жетектеп өтуі тиіс. Жаңа ережелердің талаптары мен оның орындалуын бақылау қалай жүзеге асатынын әріптесім Ғазиза Әмірбек айтад.
ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:
Электросамокатпен енді тротуармен және жаяу жүргіншілердің арасымен жүруге болмайды. Оларға тек веложолақпен немесе көлік жолының оң жақ бөлігімен қозғалуға рұқсат беріледі. Ал үлкен трассаға 18 жасқа толған және жүргізуші куәлігі барлар ғана шыға алады, сондай-ақ басында міндетті түрде шлем болуы тиіс.
Қалада рейд басталды. Мамандар самокат жүргізушілеріне жаңа ережелерді түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын ескертуде. Алайда бұл өзгерістер тек жолдағы қозғалыс тәртібіне емес, тәуліктің қараңғы уақытындағы қауіпсіздікке де қатысты.
ӘБДІНҰР ТАСЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Сонымен қатар тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жүру бөлігінде жарық қайтарғыш кеудеше немесе жарық қайтарғыш элементтерді пайдалану қажет. Электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға тыйым салынады.
Самокат жүргізушілер ғана емес, жалға берушілерге де талап күшейді. Енді көліктің техникалық жағдайы мен қозғалысы қатаң бақылауда болады. Халық жаңа ереженің енгізілгенін құптайды. Себебі, самокаттан зардап шегетіндер көп.
БЛИЦ:
- Аяғымды, тобығымды сындырып жіберді. Соның қиындығын көрдім. Вообще мына адам келе жатқанда ештеңеге қарамайды. Кәдімгі ұрып өтеді ғой.
- Қаншама адамдар пострадали. Мені чуть не разбивали. Өте керемет что решили убавиться етіп.
Енді ережені бұзған жүргізушілер бақылауда болады.