$458.48 €534.68 ₽5.43
×

«Auylbilim» жобасы ауыл мектептеріне тың серпін берді

«Auylbilim» жобасы ауыл мектептеріне тың серпін берді

«Auylbilim» жобасы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Президент тапсырмасымен іске асқан бастама еліміздің 7 облысындағы 400-ден астам білім ошағын қамтыған. Шалғайдағы мектептер заманауи зертханалармен жабдықталып, үздік лицейлердің озық тәжірибесі енгізіліп жатыр. Атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарлар елордада өткен республикалық форумда сараланды.

ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

107 млрд теңгеге 38-ден астам бағдарламалар мен жобалар. Ауылдағы мектептерді қарасақ, 1700 ауыл мектептерінің санына жетіп қалдық. Балалардың санын айтсақ, 600 мыңнан астам балалар, 45 мыңға жуық біздің педагогтер және де 9 мыңнан астам пәндік кабинеттер. жалпы біз барлық құрал жабдықтарын алып беріп жатырмыз.

Жоба аясында тек инфрақұрылым емес, кадрлық әлеует те күшейтілуде. Соңғы үш жылда 12 мыңға жуық мұғалім мен мектеп басшылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Олар сабақ берудің заманауи әдістерін меңгеріп, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізуді үйренді. Өзгеріс оқыту форматына да, тәрбиелік бағытқа да оң әсерін тигізуде. 

ДӘНЕКЕР ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ, ПЕДАГОГ:

Менің насихаттап жүрген дүниелерім ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық құндылығымызға деген қазіргі өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамыту, көзқарастарын өзгерту болып табылады. Осындай жобалар көбірек болса жақсы болар еді.