Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Президенттің айтуынша, ел болып түбегейлі реформалар ойдағыдай жүзеге асырылды.
«Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданғанын атап өтті. Тұтас қоғам қолдаған Ата заң бірінші шілде күні күшіне енді.
«Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда білім саласына тұңғыш рет айрықша мән берілгенін атап өтті.
«Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», – деді Мемлекет басшысы.