$458.48 €534.68 ₽5.43
×

Алғашқы Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Алғашқы Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында бүкіл билік жүйесі мен қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жұмысы жүріп жатқанын айтты.

Президент осыдан бірнеше күн бұрын алғашқы Құрылтай сайлауы өткенін атап өтті. Кеше оның нәтижелері жарияланған.

«Бұл өте маңызды саяси науқан, саяси іс-шара деп те айтуға болады, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды», – деді Президент.

Оның айтуынша, бұл үдерісте Орталық сайлау комиссиясы үлкен рөл атқарған. Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті.

Сондай-ақ сайлауға шетелдік байқаушылар тарапынан да қызығушылық жоғары болған.

«Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындады, оның ұлттық заңнамаға және барлық талаптарға сай өткенін атап өтті», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгін Конституцияның 46-бабына сәйкес бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

Алқалы жиын 28 тамыз күні өтеді. Оған дейін Құрылтайға өткен партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс.