Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында жаңа формация мамандарын даярлау мәселесіне тоқталды.
Президент жаңа мамандарды даярлауды орта білімнен бөліп қарауға болмайтынын айтып, төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті.
«Жаңа формация мамандарын даярлауды орта білімнен бөліп қарауға болмайды. Төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе болғаны жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Конституцияда жалпыға бірдей білім беру стандарты белгіленгенін атап өтіп, оны міндетті түрде ескеру қажет екенін айтты.
Президент қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылатынын жеткізді. Алайда бұл жеткіліксіз екенін атап өтті.
«Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн», – деді Мемлекет басшысы.