$458.48 €534.68 ₽5.43
×

Байқоңырда 6 адам атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

Байқоңырда 6 адам атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
Фото: egemen.kz

Табыстарын жасырған азаматтарға бюджеттен 2,6 млн теңге артық төленген

Байқоңыр қаласының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Прокуратура мәліметінше, табыстарын жасырған 6 адамға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған. Соның салдарынан мемлекеттік бюджеттен жалпы 2,6 млн теңге артық төленген.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заңбұзушылықтар жойылды. Қазірдің өзінде екі азаматтан бюджетке 553 233 теңге өндірілген.

Қалған тұлғалардан артық төленген қаражатты өндіріп алу мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.

Прокуратура мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.