Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Басшылық қызметте әйелдерге қарағанда ер адамдар екі есе көп

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
4542
Басшылық қызметте әйелдерге қарағанда ер адамдар екі есе көп

Басшылық қызметте әйелдерге қарағанда ер адамдар екі есе көп. Өткен жылдың төртінші тоқсанында биліктің 64,1 пайызы ерлердің қолында болған. Бұл снің мәліметі. Есесіне, жоғары деңгейлі кәсіби мамандар ішінде әйелдердің үлесі 64 пайыз. Қыз-келіншектердің 72 пайызы ақпарат дайындау, құжат рәсімдеу, есепке алу мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Ал жалақылары ерлерге қарағанда 30 пайызға кем. Өткен жылы олардың 52,5 пайызы 90 мыңнан жоғары жалақы алмаған. Ал ерлердің 39 пайызы ғана осындай айлыққа жұмыс істеген. Былтыр әйелдер қауымының 9,4 пайызы 210 мыңнан аса еңбекақы алған. Ал мұндай айлықты ерлердің 17,7 пайызы алған. Әйелдердің білімі жоғары болғанымен, жұмысқа тұруы қиын көрінеді. Бүгінде бір жасқа дейінгі бала күтімімен 300 мыңнан аса келіншек үйде отыр. 1 жарым миллионнан астамы зейнетте. Ал көпбалалы ана ретінде 236 мың әйел жәрдемақы алады.