ҚР I шақырылым Құрылтайының төрағасы болып «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайланды.
Құрылтай төрағасының үш орынбасары да белгілі болды. Оның екеуі «Әділет» партиясының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Динара Зәкиева.
ҚР I шақырылым Құрылтайындағы «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі болып Ербол Адаев тағайындалды. Оның орынбасары Лаура Карабасова болды. Сонымен қатар «Әділет» партиясының депутаттары ҚР Құрылтайындағы сегіз тұрақты комитеттің жетеуіне жетекшілік етпек. Заң жобалары бойынша негізгі жұмыс осы комитеттерде жүргізіледі. Мұнда маңызды бастамалар талқыланып, тиісті салалар бойынша шешімдер әзірленеді.
Төралқа, фракция басшылығы және тұрақты комитеттер құрамы жасақталған соң, Құрылтай жұмысын ұйымдастырудағы маңызды кезең аяқталды. Енді ҚР I шақырылым Құрылтайы толыққанды жұмысын бастайды.