$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Автомобиль сатып алу 45,6 пайызға азайған

AstanaTV
20.02.2016ж. 20:00
1810
Автомобиль сатып алу 45,6 пайызға азайған

Еліміздегі автобизнес өкілдерінің ассоциациясы жылдың алғашқы айында ресми нарықта. қанша көлік сатылғанын хабарлады.Қаңтарда бар-жоғы 3492 автомобиль сатылған. 2015 жылдың желтоқсанына қарағанда 45,6 пайызға аз. Сауда пессимистік болжамнан да төмен болып шықты. Шикізат көздерінің арзандауы, қаржы нарығындағы «қалтыраулар» - тұтыншыларды тұсап  отырған факторлар. Маусымдық фактор да бар. Отандық зауыттарға келсек, 486 авто сатқан. Желтоқсанда 833.

Даму банкінің мәліметтеріне сүйенсек, жеңілдетілген автонесие алу үшін 5 мыңнан аса өтініш түскен, 4,5 мыңдай адамның арызы  қанағаттандырылған. Жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге мемлекет бөлген 26 млрд теңгенің 55 пайыздайы игерілген.   

Жеңіл автомобильдердің орташа бағасы қаңтар айында 6 763 644 теңгені құраған.Орташа бағаның өсуі премиум сегменттегі машиналардың жақсы сатыла бастауына байланысты. Нақтырақ айтсақ, Toyota мен  Lexus маркаларының. Осындай метаморфозалар:  премиум кластағы автомобильдер көптеп сатылып, орташа баға өскенімен, қарапайымдар үшін жаңа көлік алу қайтадан мүмкін болмай кетті. Мінілген көліктердің салығы көп. Ал көліксіз расында қиын...