Ұлттық қордан бөлінетін ақшаға тұрғын үй салатын жекеменшік құрылыс компанияларының маржасы 20 пайызды құрамақ. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Ахметов «Астана» арнасына берген комментарийінде сөйдеді. Құрылыс компаниялары қаржыны 2 жылға алады. 2 жылдың ішінде олар үйлерді тұрғызып, пәтерлерді сатулары керек.
Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры:
2 жыл ішінде қаржы игерілуі керек. Салынған нысандар сатылуы тиіс. Ақшаны
қайтарулары керек. Бұл ақша жекеменшік құрылыс компанияларының тоқтап қалмауына
мүмкіндік береді. Алатын маржасының көлемі көп дегенде 20 пайызды құрайды.
Егер үй 2 жылда сатылып кетпесе, 20 пайызға арзандатылып, жылжымайтын мүлік
қорына беріледі. Сатумен қор айналысады.
Жалпы,
мемлекеттің жекеменшік құрылыс компанияларына бөлген 97 миллиард теңгесін
инвестициялаудың операторы болып табылатын «Самұрық-Қазынаның» өзі ол ақшаны 10 немесе 20 жылға 0,1 пайыз
ставкамен алуы мүмкін. Әлі нақты шешілмеген. Құрылыс компанияларына бір айдан
соң бөліне бастайды. Қойылатын талаптар:
Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры:
Біріншіден, жекеменшік құрылыс компаниясының өзі де кем дегенде 20 пайыз
қаржы құюы керек. Ол да өз ақшасымен тәуекел етуі шарт. Біз 80 пайызын құямыз.
Екіншіден, құрылыс компаниясының жер участогі болуы міндет. Оның инфрақұрылымы
тартылған болуы керек. Яғни үй салуға дайын жері. Жобалау-сметалық құжаттары да
дайын болуы тиіс. Сонымен бірге банктің кепілдемесі болуы да міндетті
шарт.
Қаржының нақты қай
компанияларға берілетіні айтылмай отыр. Үй кімдерге лайықталып салынады дегенге
келсек, оператор «орта тап» дейді. «Бір шаршы метрдің өзіндік құны Астана,
Алматы, Атырау, Ақтау үшін 240 мың теңге, қалған аймақтар үшін 200 мың теңге».
Бұл Рахметовтің өз сөзі. Бұған құрылыс компанияларының әлгі 20 пайыздық
маржасын – үстеме пайдасын қосу керек. Сонда 240 мың 288 мың теңге, 200 мың 240
мың теңгеге өзгереді. Бізде орта тапқа кімдер жататыны, олардың тұрғындардың
шамамен қанша пайызын құрайтынын есептемейтіндері ...таңғалдырмайды...