Негізгі / Жаңалықтар / Аймақтарда тағы да топан су басу қаупі төніп тұр

Аймақтарда тағы да топан су басу қаупі төніп тұр

Топан су басу қаупі күшейді. Алматы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы және Шығыс Қазақстанда су тасқыны қайталануы мүмкін. Мұны Ішкі істер вице-министрі айтты. Ал бүгін Қазгидромет мамандары 8 аймақта дабылды ескерту жариялады.

Төтенше жағдайлар штабы облыс әкімінің басшылығымен топан су басқан аумақтың ауқымын бағалады. Облыс басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, әрбір қираған үйді комиссия қарастырады. Аягөздің эвакуациялық пунктінде қазір 74 адам бар, оның 42-сі бала.  Тұрғындарға ыстық тамақ беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. 260 адам үйіне оралған. Бірақ Төтенше жағдай комитетінің басшысы тасқын қаупі қайтпағанын айтты.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Шығыста жағдай тұрақталғанымен Қазгидромет дабылды ескерту болатынын есвкертті. Жақын уақытта қардың тез арада еруі, температураның жоғарлауы және жауын-шашынның көп түсуінен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тасқын болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында барлығы 138 үйге су кірген. Бірақ вице-министр қазір 6 үй ғана суда тұрғанын айтты. "Нұр Отан" партиясының аймақтағы филилалы алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жинауға кірісіп кетті. Белсенділер жылы киімдер, резеңке етік, бұзылмайтын азық-түліктер жинайтын бес орын ашты. Ол Аягөз ауданына жіберіледі. Астанада Кәсіподақтар федерациясының белсенді өкілдерінен жасақталған ерікті топ та зардап шеккендерге азық-түлік және киім-кешектер жолдамақ.

Ерлан Саиров, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде, сонымен бірге телефон арқылы адамдар хабарласып жатыр. Адамдар, біріншіден, бұл іс-шараға деген өзінің қызығушылықтары өте мол. 

Облыстық жастар орталығы да қарап қалмады. Жас депутаттардың бастамасымен штаб құрылып, олар біркүндік жалақыларын аударған. Ал құтқарушылар су деңгейін тәуліктік бақылау тәртібіне көшті. Өйткені қауіп күшеймесе, бәсеңдемейді. 

Әйгерім МЕЙРХАНОВА