Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ресей президентінің сайлауына 14 мыңға жуық байқоңырлық қатысады

AstanaTV
13.03.2018ж. 20:00
2585
Ресей президентінің сайлауына 14 мыңға жуық байқоңырлық қатысады

14 мыңға жуық байқонырлық 18 наурызда өтетін Ресей президенті сайлауына қатысады. Мектептерде олар үшін 7 сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы біздің арнамызға Байқоныр қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Вячеслав Горбов телефонмен айтты. Дауыс берушілер Ресейден келгендер мен ресейлік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер. Қазір дайындық шаралары жүріп жатыр. Қаладағы кәсіпорындар, күш құрылымдары, "Роскосмостың" Байқонырдағы өкілдіктері маңызды науқанға тартылған. Тізімдер нақтыланып жатыр. Ал сайлау күні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция жасақтары жұмылдырылмақ.

Вячеслав Горбов, Байқоңыр қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау өтетін мектептерде полиция қызметкерлері болады. Күтпеген жағдайлар орын ала қойса, қосалқы учаскелер дайын. Құқық қорғау органдары 16 наурыздан бастап сайлау учаскелерін тәулік бойы күзетуге көшеді. 16-шы наурызда учаскелерге сайлау бюллетендерін алып келеді.